2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг – бұл халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін жүйе. Бұл жүйе химиялық заттар, шу, микробтар немесе әлеуметтік жағдайлар сияқты түрлі факторлардың денсаулыққа қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, мониторинг денсаулықты қорғауға бағытталған шаралардың қаншалықты тиімді екенін бағалауға және ықтимал проблемаларды алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Елді мекендердегі ауаның қауіпсіздігін сақтау үшін санитариялық қызмет ауа сапасын тұрақты түрде тексеріп отырады. Мұндай тексерулер кезінде зиянды заттардың бар-жоғына ауа сынамалары алынады. Ең қауіпті заттармен қатар ұзақ әсер еткен жағдайда денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін онша қауіпті емес заттар да өлшенеді.
Бақылау пункттері қаланың әртүрлі жерлеріне орналастырылады: салыстырмалы түрде таза аймақтарда, тұрғындар тарапынан шағым түскен аудандарда, өнеркәсіптік нысандар маңында және қозғалысы қарқынды жолдардың жанында. Сынамалар арнайы бекеттерде алынады. Сонымен қатар ауа райы жағдайлары – температура, жел, қысым және басқа да көрсеткіштер тіркеледі.
Осыдан кейін мамандар зерттеу кестесін жасап, жылына төрт рет өлшеу жүргізеді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында атмосфералық ауаны зерттеуге 5906 рет зерттеу жүргізілді. 94 жағдайда рұқсат етілген нормалардан асу тіркелді – олардың барлығы Көкшетау қаласында анықталды. Мұндай заңбұзушылықтар туралы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, олар тиісті шаралар қабылдауы үшін.
Ауаның сапасын жақсарту үшін тек мемлекет қана емес, әр адамның қатысуы маңызды. Мысалы, жеке көлік құралдарын сирек қолданып, жаяу жүру немесе велосипедпен жүруді әдетке айналдыруға болады. Жеке сектор тұрғындары көмірден табиғи газға көшу туралы ойланғаны жөн – бұл экологиялық таза әрі қауіпсіз отын түрі.
Айналаны күтуге неғұрлым көп адам үлес қосса, біз тыныстайтын ауа соғұрлым таза болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1037204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді