
2025 жылғы 18 күні Қадыр мырза әлі орталығының амфитеатрында “Әсем әуен” вокал студиясы мен “Көріктім” би үйірмесінің қатысуымен шығармашылық концерт өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың сахналық мәдениеті мен өзін-өзі көрсету дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ ата-аналар мен қонақтарға өнерпаздардың жыл бойы атқарған еңбектерінің нәтижесін ұсыну.
Концерт бағдарламасына вокалдық және хореографиялық бағыттағы түрлі жанрдағы қойылымдар енді. “Әсем әуен” студиясының тәрбиеленушілері орындаған әндер тыңдарман қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шынайы сезімге бөледі. Ал “Көріктім” би тобының ұлттық және заманауи билері залда отырған көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында әртүрлі жастағы оқушылар өнер көрсетті. Балалардың сахнадағы сенімділігі, орындаушылық шеберлігі мен көркем образдарды жеткізе білуі көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Бұл — үйірме жетекшілері мен оқушылардың үздіксіз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.
Кеш соңында жетекшілер мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ризашылық білдірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1037279?lang=kk

Жауап қалдыру