АРМАН АБДУЛЛАЕВ:НЫСАНДАРДЫ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ӘРІ САПАЛЫ АЯҚТАУ ҚАЖЕТТІГІН ҚАТАҢ ТАПСЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бүгін  аудан  әкімі Арман Абдуллаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан жаңа білім ошақтарының құрылыс барысын тексеріп, нысандардағы жұмыс жағдайымен танысты. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының барысын жіті бақылап, мердігер мекемелерге нысандарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау қажеттігін қатаң тапсырды. Б.Оспанов көшесі бойындағы 300 орындық мектеп құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді жүктеді. Сондай-ақ, болашақ оқушылар мен мұғалімдер үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру – басты міндет екенін баса айтты.

 

Телемұнара шағын ауданындағы 900 орындық мектептің  құрылыс алаңында 30-дан астам адам жұмыс істеуде. Мектеп ауласының сыртқы қоршау жұмыстары толық аяқталып, аяқ жол орнату және асфальт төсеу  жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, ғимаратқа қажетті  құрал-жабдықтар мен жиһаздарды орналастыру жұмыстары атқарылуда.

 

Б.Оспанов көшесі бойындағы 300 орындық мектеп ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мектеп ауласының жер бедері тегістелуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді