САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.

Аудан әкімі Дастан ауылына қосымша ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүріп жатқан құрылыс нысанында болып, тиісті сала басшыларынан есеп алып, нақты тапсырмалар жүктеді. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары «Сарыағаш-Тұрмыс» КММ тарапынан жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарының 80 пайызға орындалған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді