Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың қабылдауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 09.00-де Алакөл ауданы әкімдігі ғимаратының  (мекенжайы: Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 74) 1-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазыла аласыздар.

Сондай-ақ сағат 10.00-де өңір басшысы Алакөл ауданының З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі ғимаратында (мекенжайы: Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 76) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=  сілтемесі бойынша жүргізіледі.

Дереккөз: Алакөл ауданы әкімінің ресми сайтынан алынды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1037066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді