ТҮРКІСТАН: «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан «Ана мен бала» орталығындағы жұмыстармен танысты. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен салынып жатқан перзентхана – 80 төсек-орындық. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын «Эристайл-Казахстан» ЖШС жүргізіп жатыр.
✔️Орталық 3,3 гектар аумақта орналасады. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 17 288 шаршы метр. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталған. Іргетасын құю және қайта топырақпен көму жұмыстары атқарылған. Нысан 2026 жылы тапсырылады деп жоспарланған.
✔️Облыс әкімі мердігер мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқару, құрылыс талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Құрылысқа қатысты ұсыныс-пікірлерді тыңдап, медициналық мекемені мамандармен қамту, жұмысын үйлестіру мәселесі де назардан түспеуі тиіс екенін ескертті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1037356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді