
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмысына байланысты мына көшелер 25 шілдеге дейін жабық болады әрі қозғалыс толығымен шектеледі.
– Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
– Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1037602?lang=kk

Жауап қалдыру