№ 59 мектеп-гимназия филиалын қайта жаңарту жұмыстары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстық.
Жоба аясында ғимараттың шатыры ауыстырылып, инженерлік желілер жаңартылды, терезелер, еден және сөре жабындары алмастырылды, сондай-ақ ғимараттың сейсмикалық беріктігі ішінара күшейтілді. Бұл ғимаратқа соңғы рет жөндеу 90-жылдары жүргізілген болатын.
Қазіргі уақытта ішкі әрлеу және қасбетті әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар іргелес аумақты абаттандыруға дайындық жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл жерде 112 оқушыға арналған 9 сыныптық факультатив сабақтар өтпек, сондай-ақ 30 балаға арналған асхана мен спорт залы қарастырылған.
Алматы қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1038656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді