Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен ауданның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласына барып, бірқатар ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралады. Іссапар барысында өңірдегі егін және мал шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылып, шаруалармен ашық пікір алмасу өтті.

Жұмыс сапары Жуалы ауданындағы ірі су нысандарының бірі — «Теріс-Ашыбұлақ» су қоймасынан басталды. 1963 жылы пайдалануға берілген бұл нысанның жобалық сыйымдылығы 158,6 млн текше метрді құрайды. Қойма арқылы 21 039 гектар жерге су жеткізіледі. Су қоймасын 2026–2028 жылдары Ислам даму банкінің қаржысы есебінен қайта жаңғырту көзделген.

Өңір басшысы Көлқайнар ауылдық округіндегі «Aznur Agro» ауыл шаруашылығы кооперативінің тауарлы сүт фермасының құрылыс барысымен танысты. Қарамағында 223 гектар егістік және 2 000 гектар жайылым жері бар шаруашылық заманауи суару технологияларын кеңінен қолдануда.

Сапар барысында Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы «Қызыл-Дихан» ауыл шаруашылығы кооперативінде де болды. Кооперативтің жалпы жер көлемі 1 510 гектарды құрайды. Биыл әртүрлі дақылдар 1 200 гектарға дейін жерге егілген.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Саза» және «Айтақ» каналдарының жағдайын, Байзақ ауданындағы «Сеңкібай» және «Өтеміс» каналдарының қайта құру жұмыстарын, Мырзатай ауылындағы ветеринариялық пунктті, «Нұрлы-жай» шаруа қожалығын, сондай-ақ «Ақжол-Агро», «Өркен», «Момбек» және басқа да шаруашылықтарды аралап көрді.

Тараз қаласындағы индустриялық аймақтағы дайын өндірістік алаңдар мен «TRZ Agro» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасының құрылысы да назардан тыс қалмады.

Облыс әкімі өңірдің ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1038094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді