
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында аудан әкімдігіне 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында келіп түскен азаматтық өтініштер мен арыз-шағымдардың орындалу жайы қаралды.
Аталған мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыру бөлімінің басшысы Темірхан Мөлдір баяндама жасады. Ол өз сөзінде түскен өтініштердің саны, мазмұны және олардың орындалу барысы туралы нақты деректермен бөлісіп, өтініштерді сапалы әрі мерзімінде қарау қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – этносаралық қатынастарды нығайту бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар болды. Бұл бағыттағы іс-шаралар туралы аудан әкімінің аппаратына қарасты ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалеке Марат баяндап, аудандағы қоғамдық келісімді сақтау және ұлтаралық татулықты нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстар жөнінде хабардар етті.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, барлық құрылымдық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне азаматтармен кері байланысты күшейтіп, тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге ерекше мән беруді тапсырды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1037952?lang=kk

Жауап қалдыру