
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Елшибаев облыс үшін маңызды жобаны – Шығыс Қазақстан облыстық филиалы базасында Бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасын құру мәселесін талқылады. Бұл – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен бастамасы, онда Шығыс Қазақстанның рөлі ерекше болып отыр.
Бүгінгі таңда зертхана ғимаратының дайындық деңгейі 90%-дан асты, құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталуға жақын.
«Жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асуы үшін әкімдік жан-жақты қолдау көрсетуде. Бұл – жай ғана зертхана емес, жоғары дәлдіктегі аналитика, қолданбалы ғылым және халықаралық ынтымақтастықтың болашақ орталығы. Қазіргі таңда заманауи жабдықтар – хроматографтардан бастап цифрлық микроскоптарға дейін – орнатылды. Алдағы уақытта қашықтықтан оқыту, ғылыми трансляциялар өткізу, сондай-ақ экспорттық және зерттеу әлеуетін дамыту жоспарланған», – деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, зертхана аграрлық сектордың нақты міндеттерімен тығыз байланысты болады. Ол азық-түлік пен ветеринариялық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге, өнім сапасын бақылауды күшейтуге, халықтың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ экспортты қолдауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1037970?lang=kk

Жауап қалдыру