ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІІ СПАРТАКИАДАСЫНДА ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 21 шілде күні, Түркістан қаласында “Спорт күні” кәсіби мерекесіне орай дене шынықтыру және спорт қызметкерлері арасында Түркістан облыстық ІІІ спартакиадасы өтті.
Спорттық шараның мақсаты – сала қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Спартакиадада Шардара ауданының құрама командалары жоғары дайындықтарын көрсетіп, бірнеше спорт түрінен жеңімпаз атанды:
Арқан тарту: 🥇 Шардара командасы – І орын
Кіші футбол: 🥇 Шардара командасы – І орын
Қол күресі:
• 80 кг салмақ дәрежесінде – 🥇 Ерсайын М.
• +90 кг салмақ дәрежесінде – 🥇 Айтбек Б.
Жерлестеріміздің бұл жетістігі – ауданымыздағы спорт саласының жүйелі дамуы мен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі.
Шардара ауданы әкімдігі жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да табыс пен сәттілік тілейді!
©️ Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1037976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді