ТЖМ әскери қызметшілері қайғылы оқиғаның алдын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Есіл өзенінің тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Владислав Ярилин және  кіші сержант Қасымхан Қошқар суға шомылуға тыйым салынған орында суға батып бара жатқан ер адамды байқады.

Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында 1992 жылы туған ер адам судан шығарылып, жағаға жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: тыйым салынған орындарда шомылу өмірге қауіпті. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1038635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді