
«Заң – әділдік пен тәртіптің кепілі» атты іс-шара аясында Томар ауылдық округінің әкімі Н.Р. Жағыпаровтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Жиын барысында құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті нығайту болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-tomar/press/news/details/1037979?lang=kk

Жауап қалдыру