
№1 қалалық клиникалық аурухананың эпидемиолог дәрігері Зүлфия Еламанова ескертеді: аптап ыстық пен табиғат аясындағы демалыс – бейқамдыққа себеп болмауы тиіс.
Жаз – суға шомылу, балалар лагері мен белсенді қарым-қатынастың маусымы. Дәл осы кезеңде менингит – ми мен жұлын қабықтарының қабынуы жиілей түседі. Бұл дертке әсіресе балалар мен жасөспірімдер бейім келеді, әрі көбіне оның вирустық түрімен ауырады.
Жазда қауіп неге артады?
Ластанған су қоймаларында шомылу;
Балалар лагерьлерінде, ойын алаңдарында тығыз қарым-қатынас;
Аптап ыстықтан иммунитеттің әлсіреуі;
Гигиеналық талаптардың сақталмауы.
Ескерусіз қалдыруға болмайтын белгілер:
Кенеттен басталған қатты бас ауруы;
Жағдайды жеңілдетпейтін құсу;
Жарыққа төзбеушілік;
Жоғары дене қызуы, тырысу;
Басты алға еңкейтудің қиынға соғуы;
Балаларда: әлсіздік, жылаңқылық, тамақ пен судан бас тарту, еңбектің ісініп шығуы.
Қалай қорғануға болады?
Қолды жиі жуып, тазалықты сақтаңыз;
Күмән тудыратын суда шомылмаңыз;
Иммунитетті күшейтіңіз;
Қауіп төнген жағдайда екпе салдырыңыз.
Алғашқы белгілер байқалса – бірден дәрігерге қаралыңыз!
Есіңізде болсын: менингит өте жылдам дамиды. Оны ерте анықтау мен дер кезінде емдеу – өміріңізді аман алып қалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1038693?lang=kk

Жауап қалдыру