2025 жылғы 22 шілдеде Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия алдында мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселе алдын ала қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — «Марқакөл ауданының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 18/3-VIII шешіміне өзгерістер енгізу болды. Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің уақытша міндетін атқарушы басшысы Абжанова А.Д. баяндама жасады.

Күн тәртібіне енгізілген мәселе жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия отырысы ашық форматта өтті және Марқакөл ауданы мәслихатының ресми YouTube арнасында онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.

Трансляция жазбасын келесі сілтеме арқылы көруге болады: [https://www.youtube.com/watch?v=hZoJ_pPFjqk&t=57s]

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1039001?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді