
Ақтауда биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үш мектеп пайдалануға беріледі. Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс жұмыстарын тексерді. Қала әкімі алдымен 16-шағын ауданда орналасқан 1500 орындық мектепке барды. Ұзақ жылдар бойы тұрғындардың сұранысындағы білім беру мекемесінің сапалы әрі белгіленген мерзімде тапсырылуын қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырды.
– Өзідеріңізге белгілі 16-шағын аудан тұрғындарының сұрап жүрген мәселесі – мектеп. Сондықтан да тиісті мерзімде, сапалы етіп жұмыстану керек. Мектеп құрылысы қазан айында аяқталады. Жолды 25-не дейін аяқтайсыздар, – деді қала әкімі.
Кейін шаһар басшысы 20-шағын аудандағы 1500 орындық мектепке аялдады. Әбілқайыр Байпақов білім ошағының инженерлік желілер жұмысын жедел атқарып, мектеп айналасындағы жол құрылысын тамыздың соңына дейін аяқтауды алға тартты.
– Құрылыстың аяқталу мерзімі 20 тамызға дейін. Тоқ мәселесі шешілді. Жылыту қазандығы өзінде бар. Жол мәселесі шешілді. Біз барған екі мектептің сыртқы желілері 25 тамызға дейін аяқталады. Бұл бойынша мәселе болмасын, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Айта кетейік мектептер толық пайдалануға берілгенге дейін олардың құрылыс барысы қала әкімінің тұрақты назарында болмақ.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1039034?lang=kk

Жауап қалдыру