Ақтауда жастарға арналған шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 23 шілде күні Ақтау қаласында жастардың жеке даму дағдыларын арттыруға бағытталған «Ізден, тап, іске асыр» атты мотивациялық семинар-тренинг өтті. Шара қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар мотивация, уақытты тиімді басқару, креативті ойлау, кәсіпкерлікке алғашқы қадамдар және көшбасшылық қасиеттер туралы практикалық тәжірибесін арттырды. Сонымен қатар, қатысушылар жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік мәселесін көтеріп, отбасылық қарым-қатынасты нығайту жолдары жайында пікір алмасты. Қатысушылар жас буынның тұлғалық дамуы мен ата-ана қолдауының маңыздылығы туралы ой қозғап, тәжірибелерімен бөлісті.

– Осы шарадағы мақсатым – артымнан келе жатқан іні-қарындастарыма білімге деген қызығушылығын арттыру, осы өмірдегі орындарын табуға септігін тигізу және өмірлерін қандай әсерлі түрде жоспарлай алатыны туралы білім беру. Ең бастысы – қазіргі таңда қоғамда болып жатқан үлкен мәселе – жасөспірімдер мен ата-аналары арасындағы түсініспеушілік. Бүгінгі тренингтен кейін балалар өз үйіндегі әке-шешелерімен қарым-қатынасын жақсартса деген ниетте ұйымдастырылып отыр, – деді «Ер бала – Ер жігіт» жасөспірімдер жобасының негізін қалаушы, лудомания бойынша тренер-эксперт, педагог, психолог Альтаир Сатбеков.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1039415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді