Бас прокуратураның «Қорғау» құрама командасы Қазақстан Республикасы тапаншадан ату бойынша практикалық Кубогында жүлделі орынды иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 18-20 шілдеде Тараз қаласында Жамбыл облысының «Сұңқар» практикалық атыс Федерациясы тапаншадан практикалық ату IPSC (халықаралық практикалық атыс конфедерациясы) бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс ұйымдастырды.

Жарысқа Республиканың түкпір-түкпірінен Арлан, СОБР, Ұлттық Ұлан, ҰҚК және басқа арнайы бөлімшелердің командалары қатысты.

Жарыс нәтижесінде Бас прокуратура қызметкері А. Әлиев барлық қатысушылар арасында жеке есепте 1-орын алып, кубок иегері атанды.

Сонымен қатар, Бас прокуратурасының «Қорғау» құрама командасы, А.Әлиев (ҚР БП), И. Күнгей (3-Қызмет), Р. Көпбаев (Алматы облысы), М.Кенетаев (Атырау облысы), «Production» сыныбында командалық есепте 2-орын алды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1038842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді