
Отбасы – қоғамның негізі, тәрбиенің бастауы. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында жыл сайын елімізде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ел ішінде берекелі, өнегелі отбасыларды насихаттауға бағытталған маңызды шара саналады.
Биылғы байқаудың аудандық кезеңі өз мәресіне жетіп, Даулбаевтар және Тоқсанбаевтар отбасылары үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алды. Аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова жеңімпаздарды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Ол байқаудың қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушы отбасыларға жылы лебізін білдірді.
Облыстық кезеңде өңір намысын қорғаған Даулбаевтар отбасы үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Тараз қаласындағы «Достық» үйінде өтіп, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, жүлдегер отбасыларға алғыс білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1038911?lang=kk

Жауап қалдыру