Павлодар аудандық мәслихатының 8-шақырылымдағы 33-ші кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
1️⃣ 2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке нақтылау енгізу
2️⃣ Мәдениет және спорт саласындағы материалдық-техникалық базаны жетілдіру
3️⃣ Жер комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу

💰 Нақтыланған аудандық бюджет көлемі – 5 393 млн теңге, оның ішінде:
▪️ Жоспардан тыс түсімдер – 3 873 мың теңге
▪️ Мемлекеттік сатып алулар нәтижесіндегі үнем – 76 719 мың теңге

📌 Босаған қаражаттар келесі бағыттарға бөлінді:
▪️ Төтенше жағдайлардың салдарын жою (үйлер, клубтар, инфрақұрылым нысандарын жөндеу – 26 289 мың теңге)
▪️ Ауылдық округтердегі көшелер мен су құбырларын орташа жөндеу
▪️ Мемлекеттік қажеттіліктер үшін көлік жалдау
▪️ Сот шешімдері бойынша шығындар және жергілікті атқарушы орган резервін толықтыру

🎭 МӘДЕНИЕТ
▪️ Ауданда 29 мәдениет нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 26 – мемлекеттік
▪️ 2023 жылдан бастап жабдықтар жаңартылды (LED экрандар, акустика, ұлттық аспаптар, сахналық костюмдер)
▪️ Мичурино ауылында жаңа Мәдениет үйінің құрылысы басталды, Ефремовка, Богдановка ауылдарында күрделі жөндеу жүргізілуде, Пресное ауылындағы клубтың жөндеуі аяқталды
▪️ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 600-ден астам мәдени іс-шара өткізілді

🏅 СПОРТ
▪️ Ауданда 66 спорт нысаны бар, халықты бұқаралық спортпен қамту деңгейі – 123%
▪️ 5 ауылдағы футбол алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді
▪️ Спорттық киімдер, ұлттық спорт түрлеріне арналған құрал-жабдықтар сатып алынды
▪️ 40 спорт секциясы жұмыс істейді, оларда 4762 адам айналысады
▪️ 2025 жылдың алғашқы жартысында 100-ден астам спорттық іс-шара өткізіліп, 4000-нан астам тұрғын қамтылды

📌 Аудан инфрақұрылымды нығайту, мәдениет пен спортты дамыту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1039433?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді