Қаратау қаласындағы орталық стадионда Жамбыл облысының әуесқой командалары арасындағы жоғары лига ойындарының 11-тур кездесуі өтті. Өз алаңында жергілікті «FC Qaratau» командасы тараздық «Samgau» командасын қабылдады.
Кездесудің алғашқы бөлігінде «Qaratau» командасы қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, ойын тізгінін өз қолына алды. Алайда екінші таймда ойын өрісі өзгеріп, тараздықтар есеп айырмасын қысқартты. 67-минутта Шыңғыс Рысбектің баспен соққан голы нәтижесінде есеп 3:1-ге жетті.
Ойынның соңғы минуттарында қарқынын күшейткен «Samgau» командасы екі гол соғып, есепті теңестірді. Осылайша матч 3:3 есебімен аяқталды.
Жалпы, жоғары лига аясында 9 команда бақ сынауда. 11 тур қорытындысы бойынша «FC Qaratau» турнирлік кестеде 7-орынға жайғасты. Команданың шабуылшысы Шыңғыс Рысбек 14 голмен үздік сұрмергендердің қатарында.
Келесі кездесу 19 шілде күні, сырт алаңда, тараздық «Dostar» командасына қарсы өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1038908?lang=kk

Жауап қалдыру