
2025 жылғы 23 шілдеде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғын үй құрылысы саласындағы бұзушылықтар, тұрғын үйлердегі тұрғын емес және қайта жабдықталған үй-жайларды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар өтініштер түсті.
Сондай-ақ, тұрғын үй заңнамасын жетілдіру, оның ішінде әлеуметтік санаттарды есепке алу тетіктеріне қатысты мәселелер көтерілді.
Барлық өтініштер қабылданып, тиісті қарау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі бойынша өтініш білдірушілерге ресми түсіндірмелер жолданады.
Министрлік құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді шешу, ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1039385?lang=kk

Жауап қалдыру