
Алайда олардың нәзік дәмі мен әдемі сырт келбетінің артында денсаулыққа төнетін елеулі қауіп жасырулы болуы мүмкін – әсіресе, егер бұл тағам санитарлық талаптарға сай дайындалмаса немесе дұрыс сақталмаса.
Ендеше, сапасыз суши қандай қауіп төндіруі мүмкін және улану қаупін қалай азайтуға болады – осыны талдап көрейік.
Ең басты қауіп көзі – шикі балық. Егер балық балғын болмаса немесе паразиттермен зақымдалған болса, бұл тағамнан улануға немесе паразиттік ауруларға алып келуі мүмкін. Әсіресе, сушидің дұрыс температурада сақталмауы аса қауіпті: қауіпсіз температура аралығы – 0-ден +4 °C-қа дейін. Бұл талап бұзылған жағдайда, балық пен күріште зиянды бактериялар жылдам көбейе бастайды.
Уланудың қосымша себептері ретінде мерзімі өткен немесе сертификатталмаған өнімдерді қолдану, асүйдегі антисанитарлық жағдай, лас аспаптар мен аспаздың жуылмаған қолдары жатады.
Сушиден улану белгілері тез байқалады – тамақтан кейін 30 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта. Алғашқы белгілер: жүрек айну, әлсіздік, жалпы жайсыздық, содан кейін бірнеше рет құсу басталуы мүмкін. Мұндай белгілер байқалған жағдайда, дер кезінде дәрігерге жүгіну өте маңызды.
Суши – дәмді әрі жеңіл тағам, бірақ гигиена мен сақтау шарттары бұзылса, улануға себеп болуы мүмкін. Тойып тамақтану үшін денсаулығыңызды қауіпке тікпеңіз – сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді таңдаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1038828?lang=kk

Жауап қалдыру