«Абай оқулары» әдеби онлайн байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Абай оқулары» әдеби онлайн байқауы

 

«Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай оқулары» әдеби онлайн байқауын жариялайды.

«Абай оқулары» жобасының мақсаты: Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, жастардың оқу мәдениеті мен әдеби талғамын қалыптастыру.

Байқау 5-11 сынып оқушылары мен 18-35 жас аралығындағы жастар арасында өткізіледі.

Байқау мемлекеттік тілде өтеді.

Әдеби байқаудың шарттары:

  1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру;
  2. Мәтінді оқу уақыты 5-7 минуттан аспауы керек;
  3. Өтінімді (қосымшаға сәйкес толтырылған) және бейнені ovp.zhambyl@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет;
  4. Бір қатысушы тек бір шығарманы жолдай алады;
  5. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 24 шілдеден 04 тамызға дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефоны: 8 (71544) 21841; 87083473822.

 

«Абай оқулары» әдеби онлайн байқауына қатысуға үшін

өтінім

 

  1. Т.А.Ә. _______________________________________________________

 

  1. Жасы _______________________________________________________

 

  1. Жынысы ____________________________________________________

 

  1. Оқу/жұмыс орны _____________________________________________

 

  1. Сынып/лаузымы ___________________________________________

 

  1. Мекенжайы __________________________________________________

 

  1. Байланыс телефоны ________________________________________

 

  1. Шығарманың атауы _________________________________________

 

 

    Қолы

 

    Күні

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1039601?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді