Ауылымызда жазғы науқандық жұмыстар қарқын алып, шаруа қожалықтары шөп шабу науқанын бастап кетті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылымызда жазғы науқандық жұмыстар қарқын алып, шаруа қожалықтары шөп шабу науқанын бастап кетті. Осыған орай ауыл әкімі еңбек науқанына белсене кіріскен қожалықтарды арнайы аралап, шөп шабу барысымен танысты.

Әкім алдымен алқаптарға шығып, шөп шауып жүрген еңбеккерлердің жағдайын сұрап, олардың жұмысына сәттілік тіледі. Шаруа қожалық иелерімен әңгімелесіп, биылғы маусымда мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындау мәселесін талқылады. Сонымен қатар, әкім ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін атап өтіп, шөп науқанын сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін айтты.

“Нұрзаман” шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері, ауылымызды қысқы мал азығымен қамтамасыз етіп келеді. Өздерінің техникалары және маусымдық жұмыспен ауыл тұрғындарын қамтуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1039653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді