
Бүгін Ұлттық ғылыми онкология орталығында елордалық медициналық туризмді дамыту перспективаларына арналған медицина саласы өкілдері мен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының кездесуі өтті.
«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ибраев Астананың денсаулық сақтау саласындағы тартымды туристік бағытқа айналуға дайындығын және шетелдік пациенттерді тартуға бағытталған тұрақты экожүйе қалыптастыру ниетін атап өтті.
Астана қаласының әкімдігі елордалық медицинаның әлеуетін ашу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп, медициналық ұйымдармен және туроператорлармен жүйелі әріптестік орнатып келеді.
Кездесу барысында медициналық туризмді дамытуға арналған нақты қолдау шаралары талқыланды. Атап айтқанда, кешенді турпакеттер әзірлеуге көмек көрсету, туроператорлармен жұмысқа шығу, медициналық қызметтерді жарнама арқылы ілгерілету және бірлескен чек-ап өнімдерін қалыптастыру мәселелері қаралды.
Медициналық ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен жылы Астанада шамамен 4 500 шетелдік пациент тіркелген. Бұл елорданың медициналық қызметтеріне қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Пациенттердің негізгі легі Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен келеді. Ең сұранысқа ие бағыттар — кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, стоматология, репродуктивті медицина және ЭКҰ.
Шетелдік пациенттердің сенімін арттыратын маңызды фактор – Астана қаласында халықаралық JCI (Joint Commission International) стандарты бойынша аккредитациядан өткен 7 клиниканың жұмыс істеуі.Сегодня в Национальном научном онкологическом центре состоялась встреча представителей медицинского сообщества и Центра развития туризма «Astana Tourism», посвященная перспективам развития медицинского туризма в столице.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1040143?lang=kk

Жауап қалдыру