
Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында электр жеткізуші ұйымдар электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар соңғы уақытта жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне электр энергиясын өшіруге қатысты көптеген азаматтардың өтініштері келіп түсуде.
Осы жағдайды түсіндіру және тікелей диалог орнату мақсатында 2025 жылғы 23 шілдеде Глубоков ауданының Каменный Карьер ауылында аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері, сондай-ақ электр жеткізуші ұйымның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Комитет мамандары электр энергиясын авариялық өшіру себептері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді, тұрғындарды жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы хабарландыру тәртібімен және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.
Электр жеткізуші ұйымның өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, халықпен ашық өзара іс-қимылды жалғастыруға және электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіруге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды жоспарланған жұмыстар және өңірдегі электрмен жабдықтаудың сапасы мен тұрақтылығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы тұрақты түрде хабардар етіп отыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1040130?lang=kk

Жауап қалдыру