
Ақтау қаласында «Отбасындағы зорлық-зомбылық – баланың болашағына төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс- шараны Ақтау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы
Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Камила Қылишеваның айтуынша, аталған мәселеге байланысты 1270 құқықбұзушылық дерегі тіркеліп, заңға сәйкес шешімдер қабылданды. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында 203 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды.
– Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау және бала құқығын қорғау мәселелеріне назар аударту. Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының деректеріне тіркелген хабарламалардың 7,2%-ы отбасындағы тұрмыстық қарым қатынас саласында тіркелді. Профилактикалық жұмыстары жалғасуда,- деді Камила Қылишева.
Сондай-ақ, Ақтау қаласында отбасылық тұрмыстық қатынас саласында үнемі полицияға хабарлама беретін 102 отбасы анықталды. Олардың 46-на барып, тұрғылықты мекен- жайы бойынша профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DMeicP-oCrh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1039635?lang=kk

Жауап қалдыру