
Жанама ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғам негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнаманы білуге, оны құрметтеуге және күнделікті өмірде қолдануға бағыттау. Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, түрлі құқықтық сұрақтар бойынша кеңестер ұсынылды. Аталған шара ауыл тұрғындарының құқықтық түсінігін кеңейтіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1040041?lang=kk

Жауап қалдыру