«Жанашыр бол» ҚҚ еріктілері, экологтар мен полиция Тобыл өзенінің айналасында рейд жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

22  шілдеде «Жаңашыр бол» ҚҚ еріктілері экологиялық инспектор Әсел Шалтаевамен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтау бойынша кезекті рейд өткізді.

Олар танымал демалыс орындарын — үлкен көпірдің жанындағы Тобыл өзені мен Гагарин бөгетін тексерді. Мұнда жүзуге болмайтын жерлерді ескеру керек.  Түбі зерттелмеген бейресми жағажайларда  сүңгіген кезде әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін. Бірақ, өкінішке орай, бұл адамдарды тоқтатпай отыр.

Біз жағажайда қоқыс таптық, бірақ аз, әр жерде ретсіз шашылып жатыр. Бақытымызға орай, қоқыс болып тұрған полигондарды кездестірген жоқпыз.

Екі демалушыға «Жанашыр бол» ҚҚ еріктілері қоқыс үйінділері табылған кезде қайда жүгіну керектігі туралы жадынамалар табыс етті.

Қостанай ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Алмат Қарымсақовтың айтуынша, аудандағы қоқыс үйінділерінің жағдайы жақсарып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 нүкте анықталды. Ең соңғы жағдай – кеше Жданов ауылдық округінде болды. Барлық мекенжайлар бойынша ақпарат әкімдікке және экология департаментіне жіберілді.

Кейін рейдке Қостанай ауданы ББ учаскелік инспекторы Эмиль Юсифов қосылды. Әдетте ол және оның әріптестері профилактикалық жұмыстар жүргізетінін айтты: егер олар жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын көрсе, бұзушылықтар туындаған жағдайда жауапкершілікті дереу тағайындайды.

Іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Қостанай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын ұйымдастыру және идеологиялық сүйемелдеу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1039585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді