
Алматы қаласында өтіп жатқан VI Қазақстан Республикасының Жастар ойындары аясында нысана көздеу спортынан жарыстар өз мәресіне жетті. Аталған бәсекеге Астана қаласының спортшылары белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық мергендер бірнеше жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, ерлер құрамасы арасында:
1 орын — Ердембек Тамерлан, Цуканов Кирилл, Бексаринов Дамир
3 орын — Базаров Ерден, Кашкимбаев Аят, Мухамеджанов Асанали
Қыздар арасындағы командалық есепте:
Қола жүлде — Дынько Юлия, Булатова Дарина, Рукас Александра
Айта кетейік, қазіргі уақытта еліміздің бірнеше өңірінде Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары өтуде. Бұл — жастар арасындағы ең ауқымды әрі маңызды бәсекелердің бірі. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орында келе жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1039920?lang=kk

Жауап қалдыру