
2025 жылы 27-29 маусым аралығында қала Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі көрмелердің бірі – BITE 2025 көрмесінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды.
🎆 Стенд қонақтары Алматының мәдени мұрасымен танысты: ұлттық музыка шырқалып, қазақ асханасы ұсынылды, қолданбалы өнердің элементтері мен авторлық зергерлік бұйымдар көрсетілді.
🤝 Іс-шара барысында Қытайдан 2025-2026 жылдары 36 мыңнан астам турист тартуға бағытталған 30 келісімге қол қойылды.
🌏 Қытай Алматы туризмі үшін негізгі нарықтардың бірі болып қала береді: 2024 жылы қалаға ҚХР-нан 99 167 турист келген, бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының 14,4%-ы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism/press/news/details/1040799?lang=kk

Жауап қалдыру