
21–23 шілде аралығында Алматы облысының аумағында Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік саласындағы өрескел заңбұзушылықтарды анықтау және жүргізушілердің тәртіп деңгейін арттыру. Рейдтік шараға белсенділер мен «Аманат» партиясының өкілдері де ат салысты.
– Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер 730 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 66 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылып, 96 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Тіркелген заңбұзушылықтардың қатарында міндетті сақтандырудың болмауына қатысты 34 дерек, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша 33 жағдай, жолдың қарсы бағытына шығу бойынша 4 дерек, соның ішінде бұрылу және кері бұрылу кезінде, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқарудың 4 фактісі тіркелді. Бұған қоса, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқарған 1 дерегі анықталды, – деп хабарлады облыстық полиция қызметкерлері.
Алматы облысының полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жеке және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1040765?lang=kk

Жауап қалдыру