
Бүгін Ақтөбеде УЕФА Конференция Лигасының ІІ іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» мен «Спарта» (Прага) арасындағы алғашқы матч өтті.
Қызу әрі тартысты өткен ойында, жергілікті жанкүйерлердің қуанышы мен қолдауының арқасында «Ақтөбе» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері шабуылға белсенді кірісіп, нәтижесінде 29-минутта Даниэль Соса есеп ашты. Екінші таймда шабуыл шебін күшейткен ақтөбеліктер 83-минутта Оралхан Өміртаевтың дәл соққысының арқасында есепті еселей түсті. Чехиядан келген қонақтар 90-минутта пенальтиден бір голмен жауап берді.
Бұл нәтиже «Ақтөбе» үшін жақсы бастама. Жауапты ойын 2025 жылғы 31 шілдеде Прага қаласында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tokmansay/press/news/details/1040729?lang=kk

Жауап қалдыру