Жастар сарайында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының “Достық керуені” жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру мақсатындағы жиын өтті.
Жиынның мақсаты – этнос өкілдері тығыз қоныстанған елді мекендерде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, медиацияның маңызын түсіндіру және азаматтық бейбіт қарым-қатынасты қалыптастыру.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз жүргізіп, жобаның маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі Ерсұлтан Әмірбек этносаралық татулықты сақтаудағы ақпараттық саясаттың рөліне тоқталып, қоғамдағы бірлік пен толеранттылық туралы ой қозғады.
Облыстық Медиация кеңесінің мүшесі Жұлдыз Төлебекқызы медиация – дау-дамайларды шешудің тиімді жолы екенін атап өтіп, этносаралық қатынастарда өзара түсіністік пен келісімнің маңызын түсіндірді.
Іс-шараға Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік өкілдері және белсенді жастар қатысты.
“Достық керуені” бұл – бейбітшілік пен келісімнің жолы. Бұл жоба – әртүрлі этностар арасындағы достықты нығайту, түсіністік пен бірлікті арттыруға бағытталған.
Жауап қалдыру