«Біз – таза қала үшін»: Астанада балаларға арналған аниматорлық ойын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімдігі Қуыршақ театрында «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында «Біз – таза қала үшін» атты балаларға арналған аниматрлық ойын өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жас көрермендер театр әртістерімен бірге өздері өмір сүретін ортаны танып, қаламыздың тазалығын сақтау үшін не істеу керек екенін үйреніп, экологиялық танымын арттырды. Балаларға арналған шара интерактивті ойындар форматында өткізілді. Қойылымға келген балаларды театр фойесінде жинап, тек қалада ғана емес, үйде де тазалықты сақтау қажеттігін айтып, балаларды ынталандыра келе ойынға тартты.

Олар ойындарға қатысып қана қоймай, әртістердің шеберлігіне ризалықпен, тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап берді. Осылайша балалар үлкендердің көмегімен ұқыптылыққа, жинақылыққа үйреніп, айналаның тазалығы үшін өздерінің де қосатын үлестері барын түсінді.

Соңғы жылдары қоғам дамуы үшін экологиялық білім беру мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Сол себепті балаларды өмірінің алғашқы жылдарынан бастап экологиялық тәрбиелеу қажеттігі бар.

Қуыршақ театрының ұжымы қойылым алдындағы аз-кем уақытта көрермендерімен көңілді ойын өткізуі де осы тәрбиенің бір түріне жатады.

 

ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1040547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді