
2025 жылдың 23 шілдесінде Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен «БурМашМунай» ЖШС борттық тамақтану цехының қызметкерлерінің арасында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекциясының алдын алу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, оның ішінде қызметке рұқсат құжаттарын алу қажеттілігі, өндірістік бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Жазғы уақыт кезеңінің басталуына орай, тамақтан уланудың алдын алу және індетке қарсы профилактикалық іс-шараларды күшейтіп жүргізу мақсатында, қатысушыларға тағамдардың сақтау мерзімдері, оларды дайындау және тұтыну бойынша, шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеу, сапасыз тағамдарды қолданбау, азық–түлік таңдау кезінде дайындалған күніне, сақтау мерзімдері мен шарттарына, сырт келбетіне көңіл аудару, шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, сапасымен және шығуын растайтын құжаттар болуы керектігі туралы айтылды.
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылырға күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша толық, жан-жақты мәлімет беріліп, түсіндірулер жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1040568?lang=kk

Жауап қалдыру