Департамент басшысының орынбасары Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жұмыс отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жұмыс отырысына қатысты.

Сондай-ақ, отырысқа Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, мемлекеттік және жеке меншік нысандағы медициналық ұйымдардың басшылары, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ, «Сәлидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының» Алматы қаласы бойынша филиалдарының басшылары және т.б. қатысты.

Жұмыс отырысында Әсел Тоқанқызы 2025 жылдың 6 айындағы Алматы қаласының тұрғындарына профилактикалық екпе жүргізу және ұйымдастыру бойынша кеңінен баяндама жасап, қалалық көрсеткіштерге жету жөнінде бірқатар ұсынымдар берді.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Орумбасарович Пашимов профилактикалық екпемен қамту және күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша медициналық ұйымдарға тапсырмалар берді.

Заместитель руководителя Департамента приняла участие в рабочем заседании Управления общественного здравоохранения города Алматы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1040726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді