
Мемлекеттік қызметші болу -жай ғана қызмет атқару емес, үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Қалай десек те, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолында жүктелген міндетті мінсіз орындау -әр қызметшінің басты парызы.
Мемлекеттік қызметшінің тек қызметтік міндеті ғана емес, сонымен қатар әдебі, жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне де жоғары талап қойылады. Сайып келгенде, кәсіби білікті, қызметте қарымды, әдебі жоғары әрі ісіне ұқыпты мемлекеттік қызметші болу-зор құрмет.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бойынша бас маманы Айнұр Оралбайқызы Бөгенбаева 2019 жылдан бері мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп келеді.
-Мемлекеттік қызметшінің өмірлік ұстанымы -елге адал қызмет ету, заңға бағыну, әділдік пен жауапкершілікті басты қағида ету, халық сенімін ақтау, кәсіби этика мен тәртіпті сақтау. Қысқаша айтқанда: халыққа адал қызмет -басты міндетім, -дейді Айнұр Оралбайқызы.
Мемлекеттік қызметшінің болмысына қатысты салмақты пікір, салиқалы ойын жеткізген әріптесіміз Айнұр Оралбайқызының деніңе саулық,қызметіне табыс тілейміз! Елімізде ұстанымы берік, білікті мамандар көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1040394?lang=kk

Жауап қалдыру