Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025 жылдың II тоқсанында мектептерде 5 негізгі бағыт бойынша мониторингтік зерделеу жұмыстарын жүргізді:
«Ауылды және шағын қалалардағы 1000 мектепті жаңғырту» жобасының іске асырылуы
Мектепішілік бақылау (ВШК)
Ішкі санитарлық тораптардың жай-күйі
Педагогикалық әдеп кеңестерінің қызметі
Балаларды үйде оқыту сапасы
Зерделеу жұмыстары 9 мектеп негізінде жүзеге асырылды. Бақылау барысында әртүрлі көрсеткіштер бойынша мектептердің қызметі бағаланып, цифрлық және жиынтық талдамалық деректер дайындалды.
Мониторингке қамтылған білім беру ұйымдары:
Ұлытау ауданының №18, №1 ТМ, №3, №6 ТМ, №14, №7, №4 мектептері және Жезді мектеп-интернаты
Жаңаарқа ауданының №140 жалпы білім беретін мектебі
Зерделеу нәтижелері ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жолданды. Талдау білім беру сапасын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болады.
Басты мақсат – сапалы білім мен қауіпсіз орта қалыптастыру.
Жауап қалдыру