Шомылу маусымының қауіпсіздігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз — суға шомылып, жағажайда демалудың сүйікті уақыты. Дегенмен, су айдындарында мен бассейндерде шомылу қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтауды талап етеді:

 – Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Ресми жағажайларда және сенімді бассейндерде су қауіпті микробтарға үнемі тексеріліп отырады;

 – Суды жұтып қоймаңыз! Суда ішек инфекцияларының қоздырғыштары болуы мүмкін, әсіресе тұрақты немесе ластанған су қоймаларында;

– Егер сіз ауырып жатсаңыз, суға түспеңіз. Суық тию, тері бөртпелері немесе инфекциялар шомылудан бас тартуға себеп болады. Бұл сіз үшін де, басқалар үшін де қауіпті;

– Шомылғаннан кейін — душ қабылдаңыз. Бұл ықтимал ластаушы заттарды шаюға және инфекция қаупін азайтуға көмектеседі;

 – Балаларды бақылау. Тіпті таяз су болса да, балалар ересектердің бақылауында болу тиіс! Жеңдерді, көкірекшелерді қолданыңыз, үрлемелі шеңберлерге сенбеңіз;

– Судың жанында жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз. Қалтқылардан асып жүзбеңіз, бейтаныс жерлерге секірмеңіз, мас күйінде суға түспеңіз.

Қауіпсіз шомылу-салауатты демалыстың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1040192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді