Смартфонмен жұмыс істеу және (TalkBack) экранды оқитын функцияларын қолдануды үйрену сабағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында  смартфонмен жұмыс істеу және  (TalkBack) экранды оқитын функцияларын қолдануды үйрену сабағы өтті.

Сабақ барысында қатысушылар смартфонның негізгі мүмкіндіктерімен танысып, сенсорлық экранмен жұмыс істеу, қоңырау шалу, хабарлама жазу және оқу, интернетке қосылу, күнтізбе мен еске салғыштарды пайдалану сынды күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларды меңгерді.                  

Сонымен қатар, (TalkBack) функциясы арқылы экранда көрсетілетін мәтінді дыбыспен есту, құрылғыдағы мәзірлер мен қосымшалармен өзара әрекеттесу, басқару қимылдарын пайдалану, сондай-ақ арнайы пернелер мен экрандағы белгілерді тану дағдылары да оқытылды. TalkBack арқылы визуалды мазмұнды дыбыстық түрде қабылдау мүмкіндігі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін смартфонды еркін пайдалануға  жол ашады.

Бұл сабақ зағип және нашар көретін жандардың цифрлық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамға толыққанды бейімделуіне  және олардың өздігінен кітап, құжат оқи алуына үлкен мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1040371?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді