
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылғы 25 тамыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлатуға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгерістердің күшіне енгенін еске салады:
- Рәсімдерді қолдану негіздерін қайта қарау
– төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің және мүліктің болуы міндетті шарт болып табылмайды;
– соттан тыс банкроттық рәсімін барлық ұйымдарға қатысты қолдануға болады. Бұл ұйымдар – банктік қарыз шарттары, қарыз (несие) шарттары және микронесие беру шарттары бойынша талап ету құқығына ие ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысындағы немесе тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар.
- Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібін оңайлату
– қарыз алушы өтініште кредитор туралы, берешек сомасы туралы мәліметтерді көрсетуден және қандай да бір құжаттарды қоса беруден босатылады.
- Соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін төлемдердің болмау мерзімін нақтылау
– 1 АЕК-тен аз берешек бойынша төлемдер өтелген болып есептелмейді. Қарызды коллекторлық агенттікке беру жағдайында өтелмеу мерзімі талап (құқық) берілген күнге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.
- Қарызды реттеу мерзімін өзгерту
– егер қарыз төлемдері 12 айдан астам уақыт бойы жүргізілмесе, онда қарызды реттеу рәсімін жүргізу талап етілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1040391?lang=kk

Жауап қалдыру