
Ауданда табиғи апаттар кезіндегі әрекет ету шараларын пысықтауға бағытталған «Жер–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Іс-шара барысында аудан аумағында орын алуы мүмкін жер сілкінісі жағдайындағы азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығы мен әрекет ету алгоритмдері тәжірибе жүзінде сыналды.
Жедел дабыл белгісі берілгеннен кейін азаматтық қорғау қызметтері белгіленген уақыт ішінде сапқа тұрып, шартты түрде зардап шеккен аймақтарда дер кезінде көмек көрсету, қауіпсіз аумаққа эвакуациялау, өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығу барысында барлық қатысушылар жоғары кәсіби дайындық пен үйлесімділікті көрсетті. Арнайы техника, байланыс құралдарын және жеке қорғаныс жабдықтарын толық көлемде пайдаланды.
Аталған шараның басты мақсаты – төтенше жағдай туындаған сәтте шұғыл әрекет етуге үйрету, күштер мен құралдардың үйлесімділігін арттыру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу болды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/1040892?lang=kk

Жауап қалдыру