Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет нысаны пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапары барысында Белбасар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің ашылуына қатысты.

– Шу ауданы — таланттар бесігі.   Бұл қасиетті өңірден мәдениет саласына елеулі үлес қосқан дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Шығармашылық мұрасы – жас ұрпаққа үлгі болып, ұлттық мәдениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етуде, – деді облыс әкімі.

Жаңа клубтың құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оны «Ник Тараз» ЖШС салған. Жоба құны – 373 млн теңге.

Нысанда 13 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс істейді.

– Біздің ауылда осы уақытқа дейін мәдениет үйі болмаған еді. Міне қазір заман талабына сай керемет нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, мәдени-танымдық іс-шараларға белсене қатысатын болды,-деді ауыл ақсақалы Естай Күнчашовке.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 20 мәдениет нысаны салынып, оның 
8-і пайдалануға берілді. Ал осы жылы жоспарланған 16 нысанның 3-і ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін  8 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1040823?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді