Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласының халқымен тұрақты кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласының халқымен тұрақты кездесу өткізді. Аймақ басшысы қаладағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында облыс әкімі өңірдегі экономикалық және әлеуметтік маңызды жобалардың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылып отырғанын тілге тиек етті.
Сапар аясында облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында 100-ден астам тұрғын өз өтініш-тілектерін тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Халықпен кездесу және жеке қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе облыс әкімдігінің бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1040949?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді