Бейнеу аудандық пробация қызметі есепте тұрған екі азаматқа қатысты FSM Social жүйесінде белгі (сигнал) түсірді.
Пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Дидар Исабекова аталған азаматтармен жеке кездесіп, олардың отбасылық жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік бейімделуіне және қайта құқықбұзушылыққа жол бермеуіне бағытталған әңгімелесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша олар психолог маманның көмегіне жүгінуге жолданды.
Түскен сигнал негізінде аудандық Отбасын қолдау орталығының мамандары көрсетілген мекенжайға барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
FSM Social — өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтап, оларға жедел көмек көрсетуге арналған ведомствоаралық цифрлық жүйе.
Зерделеу нәтижесінде екі азаматқа психологиялық көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1040912?lang=kk

Жауап қалдыру