ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде Сарыағаш ауданы аумағында жүргізілуде.

 

Бүгінде  жалпы аудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.Аудан көлеміндегі тазалық шараларына  аудан әкімі Арман Абдуллаев бірге  еріктілер белсене қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.

 

Сенбілік жұмыстары таңғы сағат 08:00-де басталып, әр мекеме өзіне бекітілген аумақтарда тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізді. Іс-шара барысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойы, ішкі көшелер, қоғамдық орындар мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, шөптер орылды. Сонымен қатар, қураған ағаш бұтақтары кесіліп, ағаштар ретке келтірілді, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылды.

Аудандық сенбіліктің басты мақсаты – тек тазалықты сақтау ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға бағыттау.

 Барша тұрғындарды туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға шақырамыз. Әркім өз ауласын таза ұстаса – бұл ортақ іске қосылған зор үлес болмақ.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1040882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді