
Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдауға және халықтың табысын арттыруға бағытталған “ауыл аманаты” жобасы аясында бүгінгі таңда барлық бөлінген қаражат толық игерілді. Атап айтқанда, 3 жыл ішінде 16,3 млрд. теңгеге 2867 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айбат Еразиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Басқарма өкілінің айтуынша, оның ішінде револьверлік кредиттеу бойынша 176 жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
“Ауыл аманаты” жобасы аясында облыстың құс шаруашылығында-2,4 млрд. Теңгеге 598 жоба, мал шаруашылығында-6,3 млрд. Теңгеге 875 жоба, өсімдік шаруашылығында – 1,3 млрд. теңгеге 252 жоба кредиттелді, оның ішінде 105 шағын жылыжай. Несиелердің көп бөлігі қайта өңдеуге және басқа да шағын бизнес түрлеріне берілді. Қазіргі уақытта барлық қаражат толығымен игеріліп,16,3 млрд. теңгемен 2867 жобаға несие берілді. Биыл бұл жобаға 4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат тамыз айында республикалық бюджеттен бөлінеді деп жоспарлануда”, – деді спикер.
Басқарма өкілі сондай-ақ өңірде СҚО тәжірибесі бойынша жеңілдікпен кредиттеу 2023 жылы 2,0 млрд.”АЙС” ЖШС сүт-тауар фермасын 800 басқа кеңейту жөніндегі жобаны іске асыруға.теңге бөлінді, қаражат толығымен игерілді. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша жобаларды іске асыруға 5,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде “АЙС” ЖШС сүт-тауар фермасын кеңейту бойынша жобаны несиелендірудің екінші траншы барысында 1,250 млрд.теңге игерілді. Бүгінгі таңда сүт-тауар фермасының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Биыл Нидерландыда мал сатып алынады деп күтілуде. Жоба жақын арада толығымен іске қосылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1041445?lang=kk

Жауап қалдыру